Тазалыққа қосқан үлес – елге қосқан үлес

«Таза Қазақстан» акциясы – қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыратын маңызды бастама. Тазалық тек сенбіліктермен шектелмейді, ол әр адамның күнделікті мәдениетінен басталады. Қоқысты кез келген жерге тастамай, белгіленген орындарға шығару арқылы әрқайсымыз туған өлкеміздің тазалығына үлес қоса аламыз.

Таза көше, таза аула, таза табиғат – өзіміз үшін де, келер ұрпақ үшін де маңызды. Сондықтан «Таза Қазақстан» акциясының басты мақсаты – баршаны тазалықты сақтауға үндеп, туған жерімізді бірге көркейту деп ойлаймын.

 

Г.СӘДУАҚАС

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT