«Таза Қазақстан» акциясы аясында Құрманғазы аудандық орталық кітапхана ауласында тазалық жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында ұжым қызметкерлері аумақты қоқыстан тазартып, айналаны ретке келтіріп, көркейту жұмыстарын атқарды. Мұндай игі бастамалар қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілікті арттырып, тазалық мәдениетін қалыптастыруға үлес қосады.
Тазалық – әрбіріміздің ортақ міндетіміз. Бірлігіміз жарасып, еліміз көркейе берсін!


