«Таза Қазақстан» акциясы – болашаққа жасалған қадам

Қоршаған ортаның тазалығы – әрбір елдің дамуы мен өркендеуінің маңызды көрсеткіші. 

Осы тұрғыда «Таза Қазақстан» акциясының маңызы ерекше. Бұл бастама табиғатты қорғауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және қоғамды жауапкершілікке тәрбиелеуге бағытталған игі іс.

Менің ойымша, «Таза Қазақстан» акциясы – тек сенбілік немесе уақытша шара ғана емес, ол – әр азаматтың өмір салтына айналуы тиіс. Себебі тазалық тек көшелер мен саябақтардан басталмайды, ол адамның ішкі мәдениеті мен тәрбиесінен бастау алады. Егер әр адам өз ауласын, өз қаласын таза ұстаса, бүкіл елдің экологиялық жағдайы жақсарады.

Бұл акцияның тағы бір маңызды тұсы – жастарды еңбекке, табиғатты сүюге тәрбиелеуі. Жасөспірімдер мен жастар осындай шараларға қатыса отырып, қоршаған ортаға деген жанашырлықты бойына сіңіреді. Бұл – олардың болашақта саналы, жауапты азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.

Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» акциясы қоғамды біріктіретін күшке ие. Әртүрлі жастағы адамдар ортақ мақсат үшін бірігіп, елдің тазалығына үлес қосады. Бұл бірлік пен ынтымақтың жарқын көрінісі.

«Таза Қазақстан» акциясы – еліміздің экологиялық болашағына жасалған маңызды қадам. Әрқайсымыз осы бастаманы қолдап, тазалықты сақтауды өзімізден бастасақ, Қазақстанымыз көркейіп, таза әрі әдемі елге айналары сөзсіз.

Фазилова Ляззат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT