Жаңа оқу жылы қарсаңында Атырау қаласындағы №46 «Келешек» жалпы орта мектебіне бірнеше маман қажет болып отыр.
Білім беру ұйымына математика, орыс тілі, физика, тарих, информатика және музыка пәндерінің мұғалімдері қажет. Сонымен қатар педагог-ассистент, кәсіби бағдар беру педагогы, қосымша білім беру педагогы мен кітапханашы лауазымдары бойынша да мамандар қабылданады.
Мектеп басшылығының мәліметінше, жаңа мамандарды іріктеу қолданыстағы қағидаларға сәйкес жүргізіледі.
Құжаттарды қабылдау 6–19 тамыз аралығында жүзеге асады. Айта кетейік, жаңа оқу жылы қарсаңында педагогикалық құрамды толықтыру білім беру үдерісін сапалы ұйымдастыруға және оқушылардың толыққанды білім алуына жағдай жасауға бағытталған.



