«Мал ұрлығына жол жоқ» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

#заңментәртіп🚨 

2026 жылғы 6–10 сәуір аралығында аудан аумағында «Мал ұрлығына жол жоқ» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты – ветеринариялық қызметтермен бірлесіп:

 • ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау талаптарының сақталуын тексеру;

 • аулаларды аралау арқылы мал иелерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

 • малды жаю қағидаларын жүйелі түрде бұзатын;

 • сондай-ақ міндетті сәйкестендіру талаптарын елемейтін тұлғаларды анықтап, оларға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 406 және 408-баптарына сәйкес әкімшілік шаралар қолдану.

⚠️ Осыған байланысты Сіздерді келесі қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамыз:

 • Малдарыңызды қараусыз қалдырмаңыздар;

 • Малға міндетті түрде ен-таңба салыңыздар;

 • Қора-жайларды мықтап бекітіп, күзетті күшейтіңіздер;

 • Күдікті тұлғаларды байқасаңыздар, дереу полицияға хабарласыңыздар.

🚔 Қауіпсіздік – әр азаматтың ортақ міндеті!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT