19 ақпан күні Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультетінің журналистика мамандығы студенттерінің қатысуымен «Қоғамдық тәртіп – құқықтық мәдениеттің негізі» тақырыбында тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылып, мазмұнды форматта өтті. Кездесу студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, қоғамдық тәртіпті сақтаудың маңызын ұғындыруға және құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталды.
Іс-шара барысында негізгі спикер – дінтану магистрі, аға оқытушы Ернар Абзалұлы құқықтық мәдениеттің қоғамдағы орны, заң үстемдігі қағидаты, азаматтық жауапкершілік және ақпарат тарату саласындағы құқықтық нормаларды сақтау мәселелері бойынша мазмұнды баяндама жасады. Студенттер белсенділік танытып, өзекті сұрақтарын қойып, пікір алмасу арқылы кездесудің интерактивті сипатын арттырды.
Кездесу барысында құқықтық мәдениет пен қоғамдық тәртіпті сақтау тек жеке адамның емес, тұтас қоғамның тұрақты дамуының маңызды факторы екендігі атап өтілді. Болашақ журналистер үшін құқықтық нормаларды білу мен сақтау кәсіби жауапкершіліктің негізгі құрамдас бөлігі екені ерекше айтылды.
Осындай мазмұнды тәрбиелік кездесулер студент жастардың азаматтық ұстанымын нығайтып, құқықтық санасын арттыруға, сондай-ақ университеттің тәрбие жұмысының сапасын жетілдіруге өз үлесін қоса береді.
Қоғамдық тәртіп – құқықтық мәдениеттің негізі
- Информация о материале
- Read Time: 1 min
- : 19




