Қоғамдық орындардағы бұзақылық – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.
Көшеде, саябақта, аялдамаларда темекі тарту, ішімдік ішу, айналаны ластау, мүлікті сындыру, сондай-ақ буллинг жасау сияқты әрекеттер жиі кездеседі. Бұл тек заң бұзушылық қана емес, қоғам мәдениетінің төмендігін көрсететін жағымсыз құбылыс.
Әсіресе жастар арасындағы буллинг мәселесі алаңдатарлық. Біреуді мазақ ету, қорлау, психологиялық қысым көрсету – адамның ішкі жан дүниесіне ауыр соққы береді. Мұндай әрекеттердің салдары кейде өте ауыр жағдайларға әкелуі мүмкін. Сондықтан бұл мәселе тек жеке адамның емес, бүкіл қоғамның назарында болуы тиіс.
Қоғамдық орындарда тәртіп сақтау – әр азаматтың міндеті. Темекі тарту мен ішімдік ішуге қатысты заң талаптарын сақтау, айналадағы мүлікке ұқыпты қарау, өзгелердің құқығын құрметтеу – мәдениетті қоғамның белгісі. Сонымен қатар, ата-ананың тәрбиесі, мектептегі тәрбие жұмыстары және құқық қорғау органдарының бақылауы да үлкен рөл атқарады.
Қорытындылай келе, қоғамдық тәртіп – баршамызға ортақ құндылық. Әр адам өз әрекетіне жауапкершілікпен қарап, өзгелерге үлгі болса ғана біз қауіпсіз, мәдениетті қоғам қалыптастыра аламыз.
Фазилова Ляззат


