Болат Ақшолақов елді мекендердің санитарлық жағдайын бақылауды күшейтуді тапсырды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақовтың төрағалығымен “Таза Қазақстан” экологиялық акциясын жүзеге асыруға арналған жиын өтті.

Аймақ басшысы тұрғындардың күл-қоқыстың шығарылуына, аумақтардың жиналуы мен абаттандырылуына қатысты шағымы бойынша кемшіліктерді жоюға бір апта уақыт берді. Бұл тапсырмалардың орындалысы аппараттың әрбір апталық отырысы сайын қаралмақ.

Жиында Мақат ауданын абаттандыруда заманауи цифрлық технологияларды қолдану тәжірибесі туралы айтылды. Талқылау нәтижесінде мұндай тәсілді Атырау және Құлсары қалаларында да енгізу, экологияға қатысты құқық бұзушылықтарды анықтауға дрондарды пайдалану ұсынылды.

Бұдан бөлек, Атырау қаласы әкімдігіне жазғы және қысқы уақытта қаланың санитарлық жағдайын қамтамасыз етуге және абаттандыруға тартылатын қолдағы арнайы техникаларға жан-жақты талдау жасап, оның техникалық жағдайы мен міндеттерді орындауға қаншалықты жеткілікті екенін бағалау жөнінде тапсырма берілді.

Жиын қорытындысында елді мекендердің санитарлық жағдайына мониторингті және экологиялық бақылауды күшейту, тұрақты түрде экологиялық семинарлар, сенбіліктер мен акциялар ұйымдастыруды жалғастырып, оған мектеп оқушыларын, студенттер мен еріктілерді көптеп тарту міндеті жүктелді.

 

Толық материал Атырау облысы әкімдігінің сайтында

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT