Бала мен көлік: «ересектікке» талпыныс па, әлде тәрбие ма?

Сурет ЖИ көмегімен жасалды

#Заң мен Тәртіп

Кейде ата-аналар өз балаларының ерте ержеткенін мақтан тұтып, тіпті олардың көлік жүргізе алғанына қуанып жатады. "Менің балам рульді жақсы басқарады" деген сөздердің артында қандай үлкен қауіп жатқанын көбіміз сезіне бермейміз. Мектеп жасындағы баланың рульге отыруы — бұл жай ғана ереже бұзу емес, бұл оның өміріне және қоғамға төнген үлкен қатер. Неліктен бұл әрекетті «асқан жауапсыздық» деп атауға толық негіз бар?

Ең қорқыныштысы — заң да, айыппұл да емес, адам өмірі. Статистикаға сүйенсек, жас және тәжірибесіз жүргізушілердің қатысуымен болатын жол апаттарының өлім көрсеткіші өте жоғары. Баланың бір сәттік еркелігі немесе ата-ананың сенімі көптеген салдарға әкелуі мүмкін.

Бала — бұл жауапкершілік!

Құрметті ата-аналар! Баланы ересек етіп көрсетудің басқа жолдарын табыңыздар. Оны рульге отырғызу арқылы сіз оған сенемін деп емес, оның өміріне қауіп төндіріп тұрсыз. Баланың орны — рульде емес, жолаушылар орынында және міндетті түрде қауіпсіздік белдігі тағылған күйде болуы керек. Көлік басқаруды үйренуді тек заңды жасқа жеткенде, кәсіби нұсқаушылармен бірге бастаған жөн.

 

Л.Фазилова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT