Атырау – бизнес пен инвестициялар үшін зор әлеуеті бар индустриялық орталық. Қанат Шарлапаевтың іс-сапары

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа Төрағасы Канат Шарлапаев Атырау облысына іс-сапармен барып, өңірлік билік өкілдерімен, кәсіпкерлермен және ірі өндірістіккәсіпорындардың басшылығымен кездесті.

Атыраудағы іскерлік таңғы ас. Индустрия көшбасшыларымен стратегиялық диалог

Жұмыс бағдарламасы өңірдегі ірі кәсіпорындар – «Силено» ЖШС, «KMG PetroChem» ЖШС және«Kazakhstan Petrochemical Industries IncЖШС басшыларымен өткен іскерлік таңғы астанбасталды.

Кездесуде мұнай-газ химиясы кластерін дамыту, жергілікті бизнестің ірі жобаларға қатысуы жәнеқазақстандық мамандарды басым тәртіппен жұмысқа тарту мәселелері талқыланды.

«KMG PetroChem» компаниясының KPI газ-химия кешені жобасына ерекше назар аударылды. Ел үшінбірегей жоба Мемлекет басшысының қатысуыменіске қосылған. Зауыт жылына 500 мың тонна полипропилен өндіріп, шағын және орта бизнес үшін экожүйе қалыптастыруда. Кәсіпорында 630 адам жұмыс істейді, олардың 80%-дан астамы – Атырау облысының тұрғындары. Қазірполипропилен гомополимерінің 15 маркасыигерілген, келешекте бұл көрсеткішті құрылыс, медицина, тамақ және тоқыма өнеркәсібіндеқолданылатын 64 маркаға дейін жеткізужоспарлануда.

Сонымен бірге өңірдің негізгі өнеркәсіптіккәсіпорындарында жұмысшылардың 90-97%-ын Қазақстан азаматтары құрайтыны, олардың60-70%-ы – жергілікті тұрғындар екені атап өтілді.

Газды бөлу кешені құрылысы аясында шамамен 3 500 жұмыс орны құрылмақ, оның кемінде 90%-ы қазақстандық мамандарға тиесілі. Қазір нысанда600-ден астам адам жұмыс істейді, олардың 98%-ы – Қазақстан азаматтары, 70%-дан астамыөңіртұрғындары. Пайдалануға беру кезеңінде 400-ден астам тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарланған.Жергілікті және шетелдік жұмыс күшінің үлесінеқатысты міндеттемелердің орындалуы жүйелітүрде бақылауда.

Бизнес-қоғамдастықпен және өңірлік билікөкілдерімен диалог

Келесі кезекте Атырау облысының Кәсіпкерлерпалатасы Өңірлік кеңесінің мүшелерімен кездесуөтті. Онда шағын және орта бизнесті дамыту, цифрлық құралдарды енгізу, әкімшілік кедергілердіжою және жеңілдетілген қаржыландыруғақолжетімділік мәселелері талқыланды.

«Атырау – Қазақстандағы стратегиялық маңызыбар өңірлердің бірі. Мұнда мұнай-газ саласыбелсенді дамып келе жатқан шағын және орта бизнеспен қатар өркендеп келеді. Біздің міндетжергілікті кәсіпкерлер ірі жобалардың тек мердігері емес, толыққанды серіктесіне айналуыүшін жағдай жасау», – деп атап өтті Шарлапаев.

Кәсіпкерлермен өткен кеңейтілген кездесудіАтырау облысы Кәсіпкерлер палатасы өңірліккеңесінің төрағасы Асқар Саппаев жүргізді. Ол Палатаның негізгі міндетібизнеске қолайлыжағдай жасау және кәсіпкерлер мен мемлекеттікоргандар арасындағы тиімді диалогты қамтамасызету екенін айтты.

«Осындай ашық диалог алаңы мәселелердіталқылап қана қоймай, нақты шешімдерәзірлеуге мүмкіндік береді», – деді Саппаев.

Кездесуде «Іскер Аймақ» бағдарламасы бойынша13,2% мөлшерлемемен 200 млн теңгеге дейін несиеберу шарттары, инфрақұрылымдық қолдау, кәсіпкерлік бастамаларды сүйемелдеу және кешенді оқыту мәселелері қаралды. Ел бойыншажеңілдікті қаржыландырудың жалпы көлемішамамен 400 млрд теңге болады.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы

Атырау облысының Өңірлік кәсіпкерлер палатасыөңірдегі бизнестің басты серіктесі. Палата штатында 28 қызметкер бар. Басқарушы – НұрланСүйінбаев. Өңірлік кеңес 16 мүшеден тұрады, олардың барлығы шағын және орта бизнестіңөкілдері.

Палата өңірдің институционалдық процестерінебелсенді қатысады. Оның делегаттары жергілікті атқарушы органдар жанындағы 27 ККО-ға және 9 салалық кеңеске кіреді. Олар ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, медицина, білім беру, туризм, креатив индустриялар, саудажәне қызмет көрсету секторларын қамтиды. Сонымен бірге Палата кәсіпкерлердің құқығынқорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңестежұмыс істейді.

Инвесторлар құқығын қорғау және тұрақтыдаму

Сапардың маңызды кезеңдерінің бірі ҚанатШарлапаевтың Атырау облысының прокуроры Мадияр Басшыбаевпен және прокуратура органдарының өкілдерімен кездесуі болды. Диалог барысында ҰКП басшысы прокуратура органдарының жеке меншікті қорғау және өңірдіңинвестициялық тартымдылығынқалыптастырудағы маңызды рөлін атап өтті.

Қанат Шарлапаев бүгінде прокуратура заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ететін әрікәсіпкерлердің құқығын негізсіз әкімшілікталаптардан қорғайтын маңызды құқықтық сүзгіретінде әрекет ететінін айтты. Бас прокуратураныңдеректеріне сәйкес, инвестициялық жобалардыпрокурорлық сүйемелдеу нәтижесінде мыңдағанпроблемалық кейстер шешілген. 300-ден астамлауазымды тұлға жауапкершілікке тартылып, соның арқасында 269 инвестициялық жоба сәттііске қосылған әрі 30 мыңнан астам жұмыс орнықұрылған.

«Бұл көрсеткіштер прокурорлар корпусыныңбұзылған құқықтарды қалпына келтірубағытындағы жұмысының тиімділігін айқынкөрсетеді», деп атап өтті Қанат Шарлапаев.

Жетекші өнеркәсіптік кәсіпорындарға бару

Жұмыс сапары барысында Қанат Шарлапаевөңірдің технологиялық және экспорттық әлеуетінкөрсететін бірқатар ірі кәсіпорынға барды. Олардың ішінде «Казтурборемонт» ЖШСэнергетикалық машина жасау зауыты; «Жолмуханов» ЖК көкөніс сақтау қоймасы; сондай-ақ «МедстарЭкспорт» ЖШС және «Гранд Материк» ЖШС медициналық бір реттікшприцтер мен FFS-пленка өндірушілері кіреді. Бұлкәсіпорындар жергілікті бизнестің қатысуыменжүзеге асқан инвестициялық жобалардың табыстыүлгісін, қазақстандық мамандар үшін жұмысорындарын құруды және өңірдің заманауитехнологияларды енгізуге дайындығын көрсетті.

Цифрландыру және тиімділікті арттыру

ҰКП Төралқа Төрағасы өңірдің бәсекегеқабілеттілігін арттырудың негізгі факторларыцифрландыру мен инновациялық шешімдердіенгізу екенін атап өтті. Автоматтандыру мен цифрлық талдау шығындарды азайтуға, өнімділіктіарттыруға және бизнестің тиімділігін жедел өсіругемүмкіндік береді.

Жұмыс сапарының қорытындысы

«Атырау – өнеркәсіпті, кәсіпкерлікті және инвестицияларды дамытуға зор әлеуеті бар аймақ. Бизнестің, биліктің және қолдауинституттарының бірлескен жұмысы жаңажұмыс орындарын ашуға, қазақстандықмамандарды басымдықпен жұмысқаорналастыруға және өңір экономикасыннығайтуға мүмкіндік береді», – депқорытындылады Қанат Шарлапаев.

Бұл іс-сапар «Атамекен» ҰКП-ның кәсіпкерлербастамасын қолдауға және Атырау облысыныңбизнес-ортасын жүйелі дамытуды қамтамасыз етуге дайындығын растады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT