Балабақшаға кезек келгенше, жасымыз мектепке жетеді

АЛҒА. - Өткен жылғы есеп беру жиынында айтылған ұсыныс- пікірлер негізінде іс– шаралар жоспары жасақталып, олардың орындалысы төмендегіше болды,- деді тұрғындар алдында есеп берген Алға ауылдық округінің әкімі Ғ.Әбдешев.

Алға ауылына жазғы су желісін жүргізу аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің тапсырысымен мердігер «Гранд Мастер» ЖШС мекемесі арқылы ұзындығы 9,03 км жазғы су құбыры тартылды. Ол таза су қондырғысының су тарту желісіне жалғаулы тұр. Алға ауылының Орталық көшесін 2017 жылы 1820800 теңгеге ұтып алған мердігер алаңды абаттандырды. Жайық өзені жағалауын көктемгі су тасқынынан қорғау үшін бекіту жұмыстары- «Тека Проект» ЖШС мекемесі 25 983 000 теңгеге 3 шақырым жағалауды бетондауға жобалық – сметалық құжаттарды жасақтады. Алдағы жылы жұмыстарға қаржы қарастырылады деп күтілуде. Тұрғындардың әлеуметтік жағдайы жақсы. Алға ауылдық округі әкімі аппараты ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын зерделеп, сол шаралардың іске асуын үнемі қадағалап отырады.

2017 жылда ауылдық округ бойынша ақылы қоғамдық жұмысқа 24 адам тартылды. Әртүрлі бағытта жаңа жұмыс орны ашылып, 57 адам еңбек етті. 7 отбасына, яғни 23 балаға 414642 теңгенің балалар жәрдемақысы берілді. Ауылдық округте 58 мүгедек тіркелген. Оларға тиісті мемлекет жәрдемақысы уақтылы төленіп отыр. Сонымен қатар өткен жылы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 -2021 жылдарға арналған» бағдарламасы бойынша 12 жұмыссыз қысқа мерзімді кәсіптік оқу оқыды және 4 адам «Бастау –бизнес» оқуын оқып, екеуі несие алып, жұмыс бастады. Осы жылы да жалғасын табады. Биылғы жылы іске кірісетін жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек туралы тұрғындар арасында бірнеше рет түсінік жұмыстары жүргізілді. Осы жұмысты жүргізуге аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы ассисент жұмысқа алынды. Болжам бойынша әзірге 6 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер болып отыр. Ауылдағы инфрақұрылым, көріктендіру, абаттандыру жұмыстары біршама жолға қойылған. Ауылдық мәдениет үйі, кітапхана, әкім аппараты ғимаратының жылыту орталығы арқылы мектеп және балабақша,емхана өз алдына бөлек жылу қазандығы арқылы жылытылады. Тұрғындардың 97 пайызы, яғни 312 үй телефон желісіне қосылып, 65 үй интернет жүйесін пайдаланып отыр. Халыққа су «Таза су» қондырғысы арқылы берілуде. Барлық мекемелер су құбырына қосылған. «Қазақтелеком», «Атырау-Жарық», «ҚазТрансГазАймақ», «К.Гумаров» жеке кәсіпкерлігі ауыл халқын өз қызметтері арқылы қамтамасыз етіп отыр.

Көшелерде 52 жарық нүктесі жұмыс жасап тұр. Биылғы жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасымен көшелерді жарықтандыру жалғасын табады. «Алға-Егіз» каналының 22 шақырым участогіне су жіберілді. Оны «АтырауСушар» мекемесі өз қызметі арқылы қамтамасыз етіп отыр. 2017 жылы жазғы су құбыры тартылды, бұрын жасалған жобалық-сметалық құжаттарына сәйкес желі көшелердің бір жағына тартылып, тұрғындардың сұранысын толық қанағаттандыруға қиындықтар туындағасын осы жылға қайта ұсыныстар беріліп, көшелердің екінші жағына су құбырын тартуға жобалық – сметалық құжаттар жасақталып, қайтадан тартылатын болады. Өткен жылы мектепке «Сервис» ЖШС мекемесі 33 579 мың теңгеге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді. Оның ішінде мультимедиялық кабинет, 2 интерактивті тақта проектрімен орнатылды. 9 модем орнатылып, қосымша интернет желісі қосылды. 380 в электрогенератор сатып алынды, асханаға септик жүргізіліп, арестон су жылытқышы қойылды. Турникет орнатылды. «Алға ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Алға ауылының «Қарлығаш» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны өзінің жобалық қуатына сай 90 бала қабылдап, оларды 4 топта тәрбиелеуде. Жыл сайын балабақшаға деген сұраныс өсіп отыр. Ауыл бойынша 0-7 жас аралығында 415 бала бар. 90 бала балабақшамен қамтылған. 45 бала мектеп алды дайындық тобында оқиды.30 бала шағын орталыққа барады. Қазіргі уақытта 123 бала балабақша кезегінде тұр. Жалпы тұрғындар жиынында бір байқалғаны: бұрынғыдай жарыссөзге шығуға ешкім құлшынбайды. Кімде қандай ұсыныс бар?-деп қайта-қайта емеурін танытқанда барып, бір-екі сұрақ қойып, одан әрі не айтарын білмей дағдарады.

Бұл жақсылықтың нышаны, яғни проблемалар шешілген деп топшылауға болады. 1975 жылы салынған мектеп екі рет күрделі жөндеуден өтті, қайта-қайта қаржы шығарып, жамап-жасқағанша, жаңа мектеп үйін тұрғызуға болмай ма? деген ұсыныс айтылды. Сондай-ақ, жаңадан мәдениет үйін салуға құлаққағыс жасалды. Жерлестері осыған дейін ауыл әкімі болып қызмет атқарған Сахи Оңдағанидың атына да жылы лебіз білдірді. Жиынды аудан әкімі С.Рысқалиев қорытындылады.

Н.ЕРҒАЛИЕВ.

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.
Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

 

ZERO.kz

Яндекс.Метрика