Зорлық-зомбылықсыз отбасы – бақытты қоғамның негізі

Тұрмыстық зорлық-зомбылық – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның қауіпсіздігі мен әл-ауқатына әсер ететін күрделі мәселе. Отбасында сыйластық, өзара түсіністік және жауапкершілік болуы тиіс. Кез келген зорлық-зомбылық адамның құқықтарын бұзады және балалардың тәрбиесіне де кері әсерін тигізеді.

Ауданымызда бұл мәселенің алдын алу үшін тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, отбасылық құндылықтарды насихаттау және қиын жағдайға тап болған азаматтарға дер кезінде көмек көрсету маңызды. Әрбір тұрғын зорлық-зомбылыққа бейжай қарамай, заң талаптарын сақтап, қауіп төнген жағдайда тиісті мекемелерге хабарлауы қажет.

Бақытты отбасы – берік қоғамның негізі. Сондықтан тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол бермей, бір-бірімізге құрметпен қарап, татулық пен мейірімділікті дәріптеу – бәріміздің ортақ міндетіміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT