Ұжымдық белсенділік үлгісін көрсетті

№222 референдум учаскесінде таңнан қызу қарбалас байқалады. Өз таңдауын жасауға алғашқылардың бірі болып келген тұрғындар да, жыл сайын дауыс беруден қалыс қалмайтын белсенді азаматтар да қатарда. Белсенді ұжымдардың бірі – Таңдай ауылындағы “Райхан гүлі” бөбекжай-бақшасының қызметкерлері. Маңызды күнде ұжым болып келіп, өз таңдауларын жасады.

Бөбекжай-бақша басшысы Биғайша Ғұмарованың айтуынша, ел болашағына қатысты маңызды шешімдерде әр азаматтың үн қосуы аса маңызды.

– Бүгінгі референдум – еліміздің ертеңіне әсер ететін маңызды саяси оқиға. Сондықтан ұжымымызбен бірге келіп, азаматтық борышымызды орындауды жөн көрдік. Әрқайсымыз елдің дамуына бейжай қарамай, өз таңдауымызды жасадық. Бұл – біздің қоғам алдындағы жауапкершілігіміз, – дейді ол.

Айта кетейік, №222 референдум учаскесінде жалпы 200-ден аса сайлаушы тіркелген. Референдум кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT