Қазақ халқының мәдениетінде әке – отбасының темірқазығы, ұрпаққа үлгі болатын құрметі биік тұлға.
Өмірдегі алғашқы қадамдарын жасауды, жауапкершілікті сезінуді, қиындықтарды еңсеруді және өз күшіне сенуді бала әкеден үйренеді. Әкенің махаббаты, қамқорлығы, тәлім-тәрбиесі баланың тұлға болып қалыптасуында, отбасы құндылықтарының нығаюында және болашақ ұрпақты тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады.
Құрметті отағасылар, ардақты әкелер!
Сіздерді бүгінгі айтулы мереке – Әкелер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Әке – отбасының тірегі, шаңырақтың асқар тауы және өскелең ұрпақтың сенімді қорғаны. Бала тәрбиесіндегі, олардың бойына отансүйгіштік, жауапкершілік пен еңбекқорлық сияқты асыл қасиеттерді сіңірудегі сіздердің рөлдеріңіз өлшеусіз.
Осынау мерейлі күні сіздерге мықты денсаулық, сарқылмас күш-жігер және отбасылық бақ-береке тілейміз.
Шаңырақтарыңыздан құт-береке үзілмей, өсіріп отырған перзенттеріңіз тек биік белестерден көрініп, мақтаныштарыңызға айналсын! Мерекелеріңіз құтты болсын!
Ізгі тілекпен, Махамбет ауданы әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері.


