ЖЕР УЧАСКЕСІНІҢ ЖАЛДАУ МЕРЗІМІН ҰЗАРТУ – МАҢЫЗДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ

Жер – мемлекеттің негізгі байлығы әрі халықтың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік беретін маңызды ресурс. Жер учаскелерін заң талаптарына сәйкес тиімді пайдалану, олардың құқықтық мәртебесін сақтау және жер пайдаланушылардың құқықтарын қамтамасыз ету – жер қатынастары саласындағы басты міндеттердің бірі.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығымен бекітілген «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларға» сәйкес азаматтар мен заңды тұлғаларға «Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметі көрсетіледі.
Аталған мемлекеттік қызметті облыстардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың және ауылдық округтердің әкімдері көрсетеді. Қызметті жеке және заңды тұлғалар ала алады.

Қызметті алу тәртібі қандай?

Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту үшін көрсетілетін қызметті алушы белгіленген нысан бойынша өтініш береді. Өтінішті жергілікті атқарушы органның кеңсесі арқылы немесе «электрондық үкімет» веб-порталы – eGov.kz арқылы беруге болады.
Өтінішпен бірге қажетті құжаттар ұсынылады. Олардың қатарында жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты, сондай-ақ жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға алуға) беру туралы шарттың көшірмесі болады. 

Қызмет көрсету мерзімі

Мемлекеттік қызмет 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетіледі. Бұл мерзімге жер учаскесін жалдау шартын жасау кезеңі кірмейді.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінде жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы шешім және тиісті жалдау шарты беріледі немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап ұсынылады. Аталған мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Жерді тиімді пайдалану – ортақ міндет

Жер учаскесін жалға алып отырған азаматтар мен заңды тұлғалар жалдау мерзімінің аяқталу мерзіміне алдын ала назар аударып, қажетті жағдайда жалдау мерзімін ұзарту бойынша тиісті мемлекеттік қызметке уақытылы жүгінгені жөн.

Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтердің ашық әрі қолжетімді көрсетілуі жер пайдаланушылардың құқықтарын қорғауға, құжаттарды заң талаптарына сәйкес рәсімдеуге және жерді тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Жерді заң талаптарына сай пайдалану – әрбір жер пайдаланушының жауапкершілігі. Жер – ел байлығы, оны тиімді пайдалану – баршамызға ортақ міндет!       
   

Г.Джапарова
Ақжайық ауылдық округі 
әкімі аппаратының бас маманы

 

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT