Жазғы демалыс – балалар қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлетін кезең

Жазғы демалысбалалар үшін ең қызықты кезең.Олар уақыттарының көп уақыты ашық ауада, ойын алаңдарында, су айдындарының жағасында өткізеді. Осы кезеңде балалардың қатысуымен болатын жазатайым оқиғалардың саны артып, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлар жиі кездеседі. Сондықтан балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ата-аналардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті.

Өкінішке қарай, жыл сайын елімізде суға кету, өрт оқиғалары және көпқабатты тұрғын үйлердің терезелерінен құлау салдарынан балалардың жарақаттануы мен қаза табу фактілері тіркеліп келеді. Мұндай қайғылы жағдайлардың басым бөлігі ересектердің қарауынсыз қалудың салдарынан орын алады.  
      Судағы қауіпсіздік – басты назарда. Жаз мезгілінде өзендерде, көлдерде, каналдарда және су қоймаларында балалардың суға кету оқиғалары көбейеді. Көп жағдайда балалар рұқсат етілмеген жерлерде суға түседі немесе ата-анасының қарауынсыз қалады. Мысалы, соңғы жылдары еліміздің бірнеше өңірінде достарымен бірге шомылуға барған жасөспірімдердің терең суға кетіп, қайғылы жағдайға ұшыраған оқиғалары тіркелді. Сондай-ақ ата-анасы жағалауда болғанымен, бірнеше минут бақылаусыз қалған кішкентай балалардың суға құлап ету жағдайлары да кездеседі. Осыған байланысты:балаларды су жағасында бір сәтке де қараусыз қалдырмаңыз; тек арнайы жабдықталған жағажайларда демалыңыз; жүзуді білмейтін балаларға міндетті түрде құтқару кеудешесін кигізіңіз; қауіпті ойындарға жол бермеңіз.

Өрт – абайсыздықтың салдары.  Жазда құрғақ шөптің тұтануы, электр желілерінің дұрыс пайдаланылмауы және балалардың отпен ойнауы өрттің шығуына себеп болады. Мысалы, үйде жалғыз қалған баланың сіріңкемен ойнауы салдарынан тұрғын үйде өрт шығып, бірнеше отбасы баспанасыз қалған жағдайлар жыл сайын тіркеледі. Сондай-ақ далада жағылған оттың толық сөндірілмеуі салдарынан құрғақ шөпке өрт тарап, үлкен аумақтың жануына себеп болған оқиғалар да кездеседі. Сондықтан:сіріңке мен оттықты балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз; балаларға отпен ойнауға болмайтынын түсіндіріңіз; электр құралдарын қараусыз қоспаңыз; өрт болған жағдайда 101, 112 нөміріне дереу хабарласуды үйретіңіз.

Терезеден құлауүнсіз қауіп. Жаз мезгіліндетұрғын үйлердің терезелерінен балалардың құлау фактілері де жиілейді. Ашық тұрған терезе мен масағақарсы тор қауіпсіздік құралы емес. Бала торғасүйенген сәтте ол ажырап кетіп, қайғылы жағдай орыналуы мүмкін. Мысалы, ата-анасы ас бөлмесінде жүргенде бірнеше минут ішінде кішкентай баланың диван арқылы терезеге шығып, москит торына сүйеніп төменге құлаған жағдайлар еліміздің түрлі өңірлерінде бірнеше рет тіркелген. Осындай қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін:
терезелерге арнайы қауіпсіздік бекіткіштерін орнатыңыз; терезе маңына жиһаз қоймаңыз;балаларды ашық терезесі бар бөлмеде жалғыз қалдырмаңыз; москит торының қорғаныс құралы емес екенін есте сақтаңыз.

Қауіпсіздік – өмір кепілі. Балалардың өмірі мен денсаулығы – ең қымбат құндылық. Әрбір ата-ана қауіпсіздік ережелерін сақтап, балаларға оларды күн сайын түсіндіріп отырса, көптеген қайғылы оқиғалардың алдын алуға болады.
          Құрметті ата-аналар! Балаларыңызды қараусызқалдырмаңыз, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтаңыз. Бір сәттік салғырттық орны толмас өкінішке әкелуімүмкін. Балалардың қауіпсіздігіне бейжай қарамайық. Себебі әрбір баланың амандығыотбасының бақыты, елдің болашағы.

 

 

Махамбет ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT