«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Жасыл Ел» еңбек жасағының жастары қоршаған ортаны қорғау және туған өлкені көркейту бағытындағы жұмыстарды белсенді түрде жалғастыруда.
Жасақ мүшелері ауыл аумағын тазарту, көшелер мен қоғамдық орындарды абаттандыру, жасыл желектерді күтіп-баптау жұмыстарын жүргізіп келеді. Сонымен қатар жастар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға үлес қосып, тұрғындарды тазалық сақтауға шақыруда.

Туған жердің тазалығы мен көркеюіне атсалысып жүрген жасылелдіктердің еңбегі көпшілікке үлгі. Мұндай шаралар жастардың еңбекке деген жауапкершілігін арттырып қана қоймай, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға тәрбиелейді.
Таза табиғат – келешек ұрпаққа қалдырар баға жетпес мұра. Сондықтан «Жасыл Ел» еңбек жасағының жұмысы алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек.


