Жастар жемқорлыққа қарсы

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ – ҚОҒАМНЫҢ ДАМУЫНА КЕРІ ӘСЕРІН ТИГІЗЕТІН, МЕМЛЕКЕТ ПЕН ХАЛЫҚ АРАСЫНДАҒЫ СЕНІМГЕ СЫЗАТ ТҮСІРЕТІН КЕЛЕҢСІЗ ҚҰБЫЛЫС. СОНДЫҚТАН ОҒАН ҚАРСЫ КҮРЕС ТЕК ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҒАНА ЕМЕС, ӘРБІР САНАЛЫ АЗАМАТТЫҢ ОРТАҚ МІНДЕТІ. ӘСІРЕСЕ ЖАСТАРДЫҢ АДАЛДЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК ҚАҒИДАЛАРЫН ҰСТАНУЫ – БОЛАШАҚТЫҢ БЕРІК КЕПІЛІ.

Осы мақсатта аудандық Жастар ресурстық орталығының жастары мен «Жасыл ел» еңбек жасағының сарбаздары «Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» атты ақпараттық акция өткізді.

Акция барысында арнайы үнпарақтарды тарату арқылы қоғамдағы жемқорлыққа мүлде төзбейтін азаматтық ұстанымдарын білдірді. 

Сонымен қатар аудан тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін зияны, оның алдын алудың маңыздылығы және заң талаптарын сақтау жөнінде ақпараттар берілді. Тұрғындармен еркін пікір алмасып, адалдық пен жауапкершілік қағидаттарын насихаттады. 

Қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – сыбайлас жемқорлық. Бұл құбылыс мемлекетіміздің дамуына кедергі келтіріп, қоғамның әділдік пен заң үстемдігіне деген сеніміне кері әсер етеді. Сондықтан әрбір азамат адалдықты ту етіп, заң талаптарын құрметтеуі қажет. Біз жастарды жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, адал еңбек етіп, әділ қоғам құруға шақырамыз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру – әр азаматтың ортақ міндеті әрі ел болашағына қосқан маңызды үлесі, - дейді аудандық Жастар ресурстық орталығының іс-шара үйлестіруші маманы Ербол Өтепқалиев. 

Бүгінде адалдық қағидатын қалыптастыру – тек заң талабын орындау ғана емес, елдің жарқын болашағына жасалған инвестиция. Жастардың мұндай бастамалары қоғамда парасаттылық пен әділдік құндылықтарын нығайтып , жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Әрбір азамат заңды құрметтеп, адал еңбекті бағалағанда ғана әділетті қоғам құруға болады. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әрқайсымыздың күнделікті өмірімізден басталуы тиіс. 

Ш.ТӨЛЕГЕНОВА.    

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT