«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Махамбет аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, Махамбет ауылдық округі мен «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының қатысуымен кезекті сенбілік жұмыстары өтті.
Іс-шара барысында ауылдағы Тұржанов және Тахауи Ахтанов көшелерінің аумақтары тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, қоршаған ортаның тазалығын сақтау бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды. Тазалық шарасына белсенді қатысқан жастар туған жердің көркеюіне өз үлестерін қосып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған игі іске атсалысты.
Мұндай шаралар ауылдың санитарлық жағдайын жақсартумен қатар, тұрғындардың табиғатқа жанашырлықпен қарауын насихаттап, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін арттыруға септігін тигізеді. «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.



