«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Жасыл ел» еңбек жасағының жастары Жастар саябағында тазалық жұмыстарын жүргізді.
Тазалық жұмыстары кезінде саябақ аумағы қоқыстан тазартылып, айналасы ретке келтірілді. Жастар қоғамдық орынның тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосып, қоршаған ортаға жанашырлық танытты.

Осындай игі бастамалар тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және туған өлкенің тазалығын сақтауға ықпал етеді.


