Жас сайлаушының алғашқы дауысы

 

Таңдай ауылындағы №222 референдум учаскесінде алғаш рет дауыс берген жастар да бар. Солардың бірі – 13 наурыз күні 18 жасқа толған Гүлназ Азаматқызы. Жас сайлаушы маңызды саяси науқаннан қалыс қалмай, өз таңдауын жасау үшін учаскеге арнайы келді.

– Бүгін мен үшін ерекше күн. Алғаш рет дауыс беріп, еліміздің болашағына қатысты маңызды шешімге қатыстым. Әр жас азамат мұндай сәтте бейжай қалмай, өз таңдауын жасауы керек деп ойлаймын. Бұл – елдің ертеңіне деген жауапкершілік, – дейді ол.

Сондай-ақ ұлттық қазақы нақышта киініп келген жас сайлаушыға учаске тарапынан естелік сыйлық табысталды.

Айта кетейік, референдум учаскелері кешкі сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT