Бүгін «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалиция мүшесі Әлібек Наутиев және өңірлік коалиция мүшелері Жеңіс Абілкарес, Қайыржан Мәжиев, Еркебұлан Кенжеғалиев және Руслан Әженов Махамбет ауылы тұрғындарымен Конституция жобасын талқылауға арналған мазмұнды кездесу өткізді.
Бұл құжат – әр азаматтың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тікелей әсер ететін маңызды құқықтық негіз. Сондықтан коалиция өкілдері кездесуді өткізіп, оның мазмұнын жан-жақты түсіндіріп, қоғамға берер стратегиялық мүмкіндіктерін кеңінен талқылады.
Қайыржан Мәжиев жобаның негізгі бағыттары мен жаңашыл бастамаларын баяндады.
⁃ Бірлік болса, кез келген белесті бағындыруға болады. Сондықтан біз бірлескен жұмысқа әрқашан дайынбыз- деді .
Жеңіс Абілкарес болса Конституциялық реформа – бұл тек заңнамалық өзгеріс емес, әділ экономикалық орта қалыптастырудың негізі.
Өндіріс дамымай, ел экономикасы алға баспайтынын жеткізді.
Бұл кездесулер Жаңа Конституцияның құндылығын көрсетуге және халықпен нәтижелі кері байланыс орнатуға жағдай жасайды.

