Жалғансайлық Ілтипат - жеңіс тұғырында

Жас спортшы Ілтипат Асхатқызы киокушинкай-кан каратэден өткен халықаралық турнирде жоғары шеберлік танытып, жүлделі І орынды иеленді. Тартысты бәсекеде ол қарсыластарынан басым түсіп, алтын медальға қол жеткізді.

Ілтипат қазіргі уақытта Жалғансай орта мектебінің 5-сыныбында білім алады. Ол бес жасынан бастап каратэ спортымен тұрақты түрде айналысып келеді. Қысқа уақыт ішінде спорттағы қабілетімен көзге түсіп, облыстық және республикалық деңгейдегі жарыстарда бірнеше мәрте жеңіс тұғырынан көрінді.

Халықаралық турнирде де жас спортшы өз шеберлігі мен дайындық деңгейін дәлелдей білді. Әр жекпе-жекте батылдық пен табандылық танытып, жеңіске деген жігерінің арқасында чемпион атанды. Бұл жетістік – спортшының тынымсыз еңбегі мен мақсатқа деген ұмтылысының жемісі. Жас чемпионның жетістігінде ата-анасының қолдауы мен жаттықтырушысының еңбегі де ерекше. Ілтипатты жарыстарға дайындап жүрген бапкері Айгерім Айшуақова шәкіртінің алдағы уақытта да биік белестерді бағындыратынына сенім білдіреді.

Қ.БАҒЫТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT