Жалғансай ауылындағы №221 референдум учаскесінде дауыс беру қалыпты жағдайда өтуде. Таңғы сағаттан бастап ауыл тұрғындары келіп, өз таңдауларын жасауда. Учаске комиссиясының мүшелері сайлаушыларды қабылдауға толық дайын. Ауыл тұрғындары ел болашағына қатысты маңызды науқанға белсенді қатысып жатыр.
Ауыл тұрғыны Маржан Көптілеуова референдум учаскесінің табалдырығын алғашқылардың бірі болып аттап, дауыс беруге келді. Сонымен қатар жас сайлаушы Бекмырза Үмбетияров та маңызды науқаннан қалыс қалмай, өзінің алғашқы дауысын берді.
– Бүгін мен үшін ерекше күн. Алғаш рет дауыс беріп, ел өміріндегі маңызды оқиғаға қатыстым. Әр жас өз болашағына бейжай қарамай, осындай саяси науқандарға қатысуы керек деп ойлаймын, – дейді жас сайлаушы.
Жалғансайлық Жәнібек Садықовтың отбасы да жанұясымен келіп, өз таңдауларын жасап, кейінгі ұрпаққа азаматтық жауапкершіліктің маңызын көрсетті.


