Жаңа Конституция жобасындағы бірқатар нормалар қоғамның дамуына серпін береді деп ойлаймын. Әсіресе, құжаттың 3-бабында адам капиталын дамыту, білім, ғылым және инновациялық прогресті стратегиялық бағыт ретінде айқындау – ел болашағы үшін маңызды шешім. Бұл бастама білімді, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуге және ғылым мен жаңашылдықтың дамуына кең жол ашады.
Сонымен қатар жаңа жобада жеке деректер мен цифрлық өмірді қорғаудың адам құқықтарының маңызды бөлігі ретінде қарастырылуы да – уақыт талабына сай қадам. Бүгінде қоғам өмірі цифрландырумен тығыз байланысты. Сондықтан азаматтардың жеке мәліметтерін қорғаудың Ата заң деңгейінде бекітілуі халықтың сенімін арттырып, қауіпсіз цифрлық орта қалыптастыруға ықпал етеді.
Жалпы алғанда, жаңа Конституция жобасында білім мен ғылымға, сондай-ақ цифрлық құқықтарды қорғауға басымдық берілуі – еліміздің болашағын нығайтатын маңызды өзгерістердің бірі деп санаймын.
Мирас БЕЙБІТОВ,
жас маман


