Бүгін «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» аумақтық коалиция мүшелері Қонысбай Аманиязов, Сайлау Жумагалиев Ақжайық ауылындағы «Дастан» шаруа қожалығы ұжымымен Конституция жобасын талқылауға арналған мазмұнды кездесу өткізді. Бұл құжат – әр азаматтың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тікелей әсер ететін маңызды құқықтық негіз. Сондықтан коалиция өкілдері кездесуді өткізіп, оның мазмұнын жан-жақты түсіндіріп, қоғамға берер стратегиялық мүмкіндіктерін кеңінен талқылады.
Қонысбай Аманиязов жобаның негізгі бағыттары мен жаңашыл бастамаларын баяндады.
⁃ Бірлік болса, кез келген белесті бағындыруға болады. Сондықтан біз бірлескен жұмысқа әрқашан дайынбыз – деді Қонысбай Аманиязов.
Жиын барысында аумақтық коалиция мүшесі Сайлау Жумагалиев жергілікті басқару тиімділігін арттыру, билік тармақтары арасындағы теңгерімді сақтау және қоғамдық бақылау механизмдерін жетілдіру мәселелері кеңінен талқылады.
Бұл кездесулер Жаңа Конституцияның құндылығын көрсетуге және халықпен нәтижелі кері байланыс орнатуға жағдай жасайды.



