ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ТҰРАҚТЫ ДАМУДЫҢ КЕПІЛІ.

Бүгін Самал мәдениет үйінің қызметкерлерімен Конституция жобасын талқылауға арналған мазмұнды кездесу өтті. Бұл құжат – әр азаматтың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тікелей әсер ететін маңызды құқықтық негіз. Сондықтан аудандық коалиция өкілдері кездесуді ашық форматта өткізіп, оның мазмұнын жан-жақты түсіндіріп, қоғамға берер стратегиялық мүмкіндіктерін кеңінен талқылады. 

Аумақтық коалиция мүшесі Айзада Байғалиева жобаның негізгі бағыттары мен жаңашыл бастамаларын баяндады.
«Бірлік болса, кез келген белесті бағындыруға болады. Сондықтан біз бірлескен жұмысқа әрқашан дайынбыз», – деді Айзада Байғалиева.

Бұл кездесулер Жаңа Конституцияның құндылығын көрсетуге және халықпен нәтижелі кері байланыс орнатуға жағдай жасайды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT