Бүгін «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалиция мүшелері Жұмабике Тасимова дене шынықтыру кешені ұжымымен Конституция жобасын талқылауға арналған мазмұнды кездесу өткізді. Бұл құжат – әр азаматтың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тікелей әсер ететін маңызды құқықтық негіз. Сондықтан коалиция өкілдері кездесуді өткізіп, оның мазмұнын жан-жақты түсіндіріп, қоғамға берер стратегиялық мүмкіндіктерін кеңінен талқылады.
Жиын барысында өңірлік коалиция мүшесі Жұмабике Тасимова жергілікті басқару тиімділігін арттыру, билік тармақтары арасындағы теңгерімді сақтау және қоғамдық бақылау механизмдерін жетілдіру мәселелері кеңінен талқылады.
Бұл кездесулер Жаңа Конституцияның құндылығын көрсетуге және халықпен нәтижелі кері байланыс орнатуға жағдай жасайды.


