ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА БАСТАР АЙҚЫН БАҒДАР.

Бүгін «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» аумақтық коалиция мүшелері Қайрат Жұмашев, Исатай Муханбеталиев Жалғансай орта мектебінің ұжымымен Конституция жобасын талқылауға арналған мазмұнды кездесу өткізді. Бұл құжат – әр азаматтың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тікелей әсер ететін маңызды құқықтық негіз. Сондықтан  коалиция өкілдері кездесуді өткізіп, оның мазмұнын жан-жақты түсіндіріп, қоғамға берер стратегиялық мүмкіндіктерін кеңінен талқылады. 

Қайрат Жұмашев жобаның негізгі бағыттары мен жаңашыл бастамаларын баяндады.
 ⁃ Бірлік болса, кез келген белесті бағындыруға болады. Сондықтан біз бірлескен жұмысқа әрқашан дайынбыз – деді Қайрат Жұмашев.

Жиын барысында аумақтық коалиция мүшесі Исатай Муханбеталиев жергілікті басқару тиімділігін арттыру, билік тармақтары арасындағы теңгерімді сақтау және қоғамдық бақылау механизмдерін жетілдіру мәселелері кеңінен талқылады.

Бұл кездесулер Жаңа Конституцияның құндылығын көрсетуге және халықпен нәтижелі кері байланыс орнатуға жағдай жасайды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Референдум 2026

Референдум 2026