ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ ҚҰРУДЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ.

Бүгін «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалиция мүшелері Ерлан Қуанышев, Эльмира Еспусинова Сарытоғай  ауылының емхана ұжымымен Конституция жобасын талқылауға арналған мазмұнды кездесу өткізді. Бұл құжат – әр азаматтың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тікелей әсер ететін маңызды құқықтық негіз. Сондықтан  коалиция өкілдері кездесуді өткізіп, оның мазмұнын жан-жақты түсіндіріп, қоғамға берер стратегиялық мүмкіндіктерін кеңінен талқылады. 

Ерлан Қуанышев  жобаның негізгі бағыттары мен жаңашыл бастамаларын баяндады.
 ⁃ Бірлік болса, кез келген белесті бағындыруға болады. Сондықтан біз бірлескен жұмысқа әрқашан дайынбыз – деді Ерлан Қуанышев .

Жиын барысында өңірлік коалиция мүшесі Эльмира Еспусинова жергілікті басқару тиімділігін арттыру, билік тармақтары арасындағы теңгерімді сақтау және қоғамдық бақылау механизмдерін жетілдіру мәселелері кеңінен талқылады.

Бұл кездесулер Жаңа Конституцияның құндылығын көрсетуге және халықпен нәтижелі кері байланыс орнатуға жағдай жасайды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT