Мемлекет басшысы шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізді. 2026 жыл-жасанды интеллект және цифрлық даму жылы деп жарияланғанын білеміз. Отырыста Президент әлем технологиялық жаңғыртудың жаңа кезеңіне қадам басқанын айтты.
Елімізде институционалдық негізді нығайту үшін Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылған еді. Сонымен қатар жасанды интеллект дамыту жөніндегі кеңес өз жұмысын бастады. бүгінде заманауи цифрлық инфрақұрылым қалыптастыру бойынша қарқынды жұмыстар жүріп жатыр. Қазақстан Орталық Азия елдері арасында ең озық технологиялар негізінде 2 суперкомпьютерді сәтімен іске қосқан еді. Парламентте қабылданған Цифрлық Кодекс, «Жасанды интеллект туралы» заң және DiqitaI Qazaqstan стратегиясы ел дамуының айқын технологиялық жол картасын түзеді. Бұл құжаттар Қазақстанның цифрлық инвестицияға инвестиция тартуға халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге жағдай жасайды.
Н.Лұқпанова


