Жаңа Конституция – еліміздің болашағын айқындайтын маңызды құжат. Онда азаматтардың құқықтары мен бостандықтары кеңінен қамтылып, қоғамдағы әділеттілік пен теңдікке ерекше мән берілген. Әсіресе халықтың пікірін ескеріп, мемлекет басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған өзгерістер ел дамуына тың серпін береді деп сенемін. Конституциядағы әрбір норма – тұрақты әрі берік мемлекет құру жолындағы маңызды қадам. Сондықтан әрбір азамат бұл құжаттың мәнін түсініп, оның талаптарын құрметтеуі қажет.
#Конституция #ЗаңҮстемдігі #ӘділеттіҚазақстан


