Заң шығару жүйесіндегі - 30 жыл

Ертең яғни, 1 шілдеден бастап Жаңа Ата Заң жобасының күшіне енуіне орай Парламенттің өкілеттілігі ресми түрде тоқтатылады. Осыған орай елдің саяси сахнасында 30 жылдық тарихи жолы қалған Парлемент Сенаты өз жұмысын қорытындылады. Ойланып қараған адамға, отыз жыл аз уақыт емес! Осы жылдар ішінде қандай істер атқарылды деген сұрақ көкейде тұрары сөзсіз. 

Қарап отырсақ, сонау 1996 жылдың 30 қаңтарында өткен алғашқы отырыстан бері Сенат Тәуелсіз Қазақстанның заң шығару жүйесінің ең негізгі институттарының бірі болды. Осы жылдар ішінде елдің саяси бағытын, экономикалық реформаларын және әлеуметтік дамуын айқындаған маңызды заңдар қабылдады. 
Кешегі қорытынды жиында белгілі болғандай, Сенаттың 30 жылдық тарихында жалпы 900-ге жуық отырысы өткен. Сол отырыстарда 3,5  мыңнан астам заң қабылданған. Олардың ішінде 350-ден астамына яғни, әрбір оныншы заң Парламент депутаттарының бастамасымен қолға алынған. Сенат тарихында 246 азамат депутаттық мандатқа ие болған. Яғни, 246 адам сенатор болды. Әр сенатор ел заңнамасын қалыптастыруға үлес қосты.
Жаңа Конституциялық өзгерістерге сәйкес, енді заң шығару қызметі Құрылтайға жүктеледі. Осыған байланысты тамыз айында Құрылтай депутаттарының сайлауы өтіп,  жаңа құрам жасақталғаннан кейін заң шығару қызметін Құрылтай жүзеге асыратын болады.  

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT