Заң мен тәртіптің сақталуы – қоғамның тыныштығы мен елдің тұрақты дамуының басты кепілі. Әр азамат заң талаптарын құрметтеп, өз міндеті мен жауапкершілігін сезінгенде ғана қауіпсіз әрі берекелі орта қалыптасады.
Бүгінде құқықтық мәдениетті арттыруға, қоғамдық тәртіпті нығайтуға бағытталған жұмыстар жүйелі жүргізілуде. Жол қозғалысы ережесін сақтау, қоғамдық орындарда тәртіпке бағыну, интернет-алаяқтықтан сақ болу және өзгенің құқығын құрметтеу – заңға бағынудың күнделікті көрінісі. Әрбір азаматтың осындай қарапайым қағидаларды ұстануы құқық бұзушылықтың алдын алуға ықпал етеді.
Заң мен тәртіп – тек құқық қорғау органдарының ғана емес, барша қоғамның ортақ жауапкершілігі. Әркім заңға құрметпен қарап, ел тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті сақтауға өз үлесін қосса, қауіпсіз әрі әділетті қоғам қалыптастыруға бірге қадам жасаймыз.
Г.Сәдуақас


