Махамбет аудандық Жастар ресурстық орталығы ұйымдастыруымен аудандық кітапханада «Заң мен тәртіп – қоғам тірегі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Тағылымды шараның мақсаты – жастар мен мекеме қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және заң талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыру. Кездесуге құқық қорғау саласының мамандары қатысып, қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау бағытындағы маңызды мәселелер кеңінен талқыланды.
Іс-шара барысында Махамбет аудандық полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі, полиция капитаны Мұрат Әділет Мұратұлы интернет алаяқтықтың түрлері, әлеуметтік желілердегі жалған ақпараттардан сақтану жолдары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, қатысушыларға жеке мәліметтердің қауіпсіздігін сақтау, күмәнді сілтемелерге өтпеу және ақпаратты тек ресми дереккөздерден алу жөнінде кеңестер берілді.
Кездесу соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан нақты жауаптар алды. Мұндай шаралар жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастырып, қоғамдағы заң мен тәртіптің маңызын түсіндіруге үлкен ықпал етеді.


