Заң мен тәртіп – әділетті қоғамның басты тірегі

Заң мен тәртіп – кез келген мемлекеттің тұрақты дамуы мен өркендеуінің берік негізі. Қоғамда әділдік орнап, адамдар өздерін қауіпсіз сезінуі үшін әр азамат заң талаптарын құрметтеп, қоғамдық тәртіпті сақтауы қажет. Заңның үстемдігі орнаған жерде құқық қорғалады, жауапкершілік артады, ал халықтың мемлекетке деген сенімі нығая түседі.

Заңға бағыну – тек құқықтық міндет қана емес, бұл әрбір адамның азаматтық мәдениеті мен ел алдындағы жауапкершілігінің көрінісі. Өз құқығымызды қорғаумен қатар, өзгелердің де құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу – өркениетті қоғамның басты қағидаларының бірі. Тәртіпке бағынған қоғамда ауызбіршілік, тыныштық пен тұрақтылық сақталып, жас ұрпаққа үлгі болатын ізгі орта қалыптасады.

Бүгінде заң мен тәртіпті сақтау – тек құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Әрбір азамат заң талаптарын мүлтіксіз орындап, қоғамдық тәртіпті сақтауға үлес қосқанда ғана еліміздің дамуы қарқынды болып, бейбіт өміріміздің берекесі арта түседі.

Сондықтан заңды құрметтеу, тәртіпті сақтау және жауапкершілікті сезіну – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз. Заңға деген құрмет – елге деген құрмет. Ал заң мен тәртіп үстемдік еткен қоғамның болашағы әрқашан жарқын болмақ.

 

Г.ЖОЛДАСҚАЛИ

 

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT