Заң мен тәртіп: алаяқтыққа қарсы қоғам

Қазіргі таңда алаяқтық қоғамда жиі кездесетін құқық бұзушылықтардың біріне айналып отыр. Әсіресе интернет пен әлеуметтік желінің дамуына байланысты адамдарды алдап, қаржысын иемдену жағдайлары көбейген. Алаяқтар түрлі сылтаумен сенімге кіріп, азаматтарды материалдық шығынға ұшыратуда. Бұл тек қаржылық мәселе ғана емес, адамның психологиялық күйіне де кері әсерін тигізеді.

Осындай келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін әр адам сақтық танытып, құқықтық сауаттылығын арттыруы қажет. Бейтаныс адамдарға жеке мәліметтерді жібермеу, күмәнді сілтемелерге өтпеу, жалған хабарламаларға сенбеу – қауіпсіздіктің басты қағидаларының бірі. Сонымен қатар жастарға киберқауіпсіздік туралы түсіндіру жұмыстарын жиі жүргізу маңызды.

Алаяқтықпен күрес – барша қоғамның ортақ міндеті. Заң мен тәртіпке бағынған, саналы қоғам ғана мұндай қылмыстардың алдын алып, қауіпсіз ортаны қалыптастыра алады. Сондықтан әр азамат қырағы болып, өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауы тиіс.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT