Әуесқой балықшылар назарына: маусымдық тыйым туралы

Қазақстан Республикасында су биоресурстарын сақтау және балықтардың табиғи көбеюін қамтамасыз ету мақсатында балық аулауды реттейтін бірқатар нормативтік-құқықтық актілер қабылданған.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 3 наурыздағы №78 бұйрығына сәйкес, Атырау облысы шегіндегі Жайық өзенінде 15 мамыр – 15 маусым қоса алғандағы аралықта балық аулауға уақытша тыйым салынады.

Аталған кезең балықтардың көбею процесіндегі ең маңызды уақыт болып саналады. Осы себепті олардың табиғи ортада еркін уылдырық шашуына жағдай жасау мақсатында әуесқой балық аулауға толық шектеу енгізіледі.

Тыйым салу тәртібін сақтау су айдындарындағы балық қорының сақталуына және экологиялық тепе-теңдіктің тұрақтылығына ықпал етеді. Бұл талаптарды бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жауапкершілік көзделеді.

Осылайша, белгіленген шектеулер табиғатты қорғау және биоресурстарды ұтымды пайдалану бағытындағы маңызды шаралардың бірі болып табылады.

 

Махамбет балық инспекциясы бөлімінің бас маманы Т.Есмуханова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT