Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 3 наурыздағы №78 бұйрығына сәйкес, Атырау облысы аумағындағы Жайық өзенінде 15 мамыр мен 15 маусым аралығында енгізілген әуесқой және спорттық балық аулауға қатысты уақытша тыйым мерзімі аяқталды.
✅ 2026 жылғы 16 маусымнан бастап азаматтарға Қазақстан Республикасының балық шаруашылығы саласындағы заңнамасы мен Балық аулау қағидаларының талаптарын сақтай отырып, әуесқой балық аулауға рұқсат етіледі.
❗ Сонымен қатар, Балық аулау қағидаларына сәйкес әуесқой балық аулауды тәуліктің қараңғы уақытында, яғни сағат 22:00-ден таңғы 06:00-ге дейін жүзеге асыруға тыйым салынатынын еске саламыз.
Балық аулау кезінде белгіленген тәуліктік аулау нормаларын, рұқсат етілген аулау құралдарын және балық шаруашылығы заңнамасының өзге де талаптарын қатаң сақтау қажет.
Табиғатты қорғау және су биоресурстарын ұтымды пайдалану – әрбір азаматтың ортақ міндеті.
Махамбет балық инспекциясы бөлімінің басшы м.а. А.Аймағамбетов


