Алға ауылындағы №229 референдум учаскесінде 11 адам үйден дауыс берді. Оларың қатарында тыл ардагері Қатира Тоқмағанбетова, еңбек ардагерлері Жалғас Абдешев, Рахат Елшібаевалар бар.
Денсаулығына байланысты үйден дауыс берген тұрғындардың үйіне учаскелік комиссия мүшелері арнайы барып, барлық қажетті жағдайды қамтамасыз етті.
Тыл ардагері Қатира апай өз таңдауын жасап, елдің саяси өміріндегі маңызды науқанға бейжай қарамай, бірауыздан атсалысуға шақырды.
- Мемлекет үшін бұқара халықтың елдегі қандай да бір өзгерістерге үн қосуы маңызды. Сондықтан әрбір азамат өз таңдауын жасап, болашаққа жауапкершілікпен қарауы керек, — дейді тыл ардагері.
Тыл ардагері дауыс берді
- Информация о материале
- Read Time: 1 min
- : 153


