«ТӘРТІПТІ ҰРПАҚ- ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ!»

Махамбет ауданы Ақтоғай ауылы мәдениет үйінде зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында «Тәртіпті ұрпақ-қауіпсіз қоғам!» атты дәріс  ұйымдастырылды.
Іс-шараға Махамбет ауданы полиция бөлімі Махамбет ауданы полиция бөлімі Отбасы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының аға инспекторы полиция капитаны Сапарғалиева Арайлым Абайқызы және учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Беркін Отарғалиұлы, жастар және ауыл тұрғындары қатысты.
Дәріс барысында сталкингтің қоғамға төндіретін қаупі, оның түрлері мен салдары кеңінен талқыланды. Мамандар сталкингтің мазаны алатын хабарламалар мен қоңыраулардан басталып, психологиялық қысым мен нақты қауіпке ұласуы мүмкін екенін атап өтті. Адамның жеке өміріне қол сұғу, жүйелі түрде қудалау – зорлық-зомбылықтың бір түрі екені түсіндірілді.
Сонымен қатар, құқық қорғау саласының өкілдері қолданыстағы заңнамаларға енгізілген өзгерістер туралы айтып, 2025 жылдың 16 қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасында сталкинг үшін қылмыстық жауапкершілік заң жүзінде енгізілгенін жеткізді. 
Шара аясында сталкинг туралы арнайы бейнеролик көрсетіліп, қатысушыларға викториналық сұрақтар қойылды.
#заңментәртіп

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT