Елімізде «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтыру, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін тиімді қорғау, құқықтық мәдениетті арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Осы орайда аудан аумағында 18–21 тамыз аралығында өткізіліп жатқан «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді , құқық бұзушылықтардың алдын алумен қатар қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуді көздейді.
Мемлекет басшысының және Ішкі істер министрінің тапсырмасына сәйкес республика көлемінде басталған іс-шара барысында тәртіп сақшылары қоғам тыныштығын күзетіп ғана қоймай, түрлі деңгейдегі қылмыстарды болдырмауға жұмыла жұмыс жасайды.
Соған орай, ауданның полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтарға жол бермеу, қылмыстардың алдын алу және олардың жолын кесу бағытында аудан аумағында рейдтік және профилактикалық іс-шараларды күшейтуде.
Заң талаптарын сақтап, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге Сіз де өз үлесіңізді қосыңыз! Қоғамдық тәртіпті сақтау – баршамызға ортақ міндет!
ӨЗ ТІЛШІМІЗ


