Бақсай ауылдық округінде елді мекеннің санитарлық тазалығын сақтау және аумақты абаттандыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Ауылдық округ аумағында мекемелерге бекітілген учаскелерде тазалық жұмыстары ұйымдастырылып, қызметкерлер ғимараттар айналасын ретке келтіріп, жиналған қоқыстарды тазалады. Сонымен қатар, қоғамдық орындар мен көшелердің көріктілігіне назар аударылды.
Тазалықты сақтау – тек бір күндік жұмыс емес, күнделікті жауапкершілікті талап ететін ортақ міндет. Туған жердің таза әрі көрікті болуы әр тұрғынның қоршаған ортаға деген жанашырлығына байланысты.
Бақсай ауылдық округінде абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.
Бақсай ауылдық округі әкімі аппараты




