Тазалық жұмыстары жалғасуда

Махамбет ауданында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.

Аудан орталығында өткен акция барысында қоғамдық жұмыстарға тартылған азаматтар мен тұрғындар елді мекен аумағын қоқыстан тазартып, тазалық жұмыстарына белсене қатысты.

Акцияның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, қоғамдық орындарды абаттандыру және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Тазалық акциясы барысында аудан орталығындағы бірқатар аумақ ретке келтіріліп, санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT