Тазалық – туған жерге деген құрмет

«Таза Қазақстан» бастамасы қоршаған ортаны таза ұстаумен қатар, әр адамның тазалыққа деген көзқарасын өзгертуге ықпал етіп келеді. Меніңше, тазалықты тек сенбілік кезінде қолға алатын жұмыс деп қабылдамауымыз керек. Ол күнделікті әдетке айналуы тиіс.

Өз ауламызды таза ұстау, қоқысты белгіленген орынға тастау, қоғамдық орындарға ұқыпты қарау – үлкен жауапкершілікті қажет етпейтін, бірақ маңызы зор қарапайым әрекеттер. Әсіресе балаларға тазалықтың мәнін ерте жастан түсіндіру маңызды.

Таза көше мен жинақы аула тұрғындардың мәдениетін көрсетеді. Сондықтан «Таза Қазақстан» әрқайсымыздың өз үйімізден, өз ауламыздан басталғаны дұрыс деп ойлаймын.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT