«Таза Қазақстан» акциясы – туған жерге деген жанашырлықтың нақты көрінісі деп есептеймін. Ауылымыздың тазалығы әрқайсымыздың күнделікті ісімізден басталады. Көшеге қоқыс тастамау, қоғамдық орындарды күтіп ұстау, табиғатты аялау – бұл тек сенбілікте ғана емес, күнделікті өмірде ұстанатын қағида болуы керек.
Махамбет ауданында ұйымдастырылып жатқан тазалық акцияларына жастардың, еріктілердің және тұрғындардың белсенді қатысуы көңіл қуантады. Осындай игі бастамалар арқылы қоршаған ортаға деген жауапкершілік артып, өскелең ұрпаққа жақсы үлгі қалыптасады.
Таза табиғат – дені сау қоғамның кепілі. Сондықтан әр тұрғын туған өлкеміздің тазалығы мен көркеюіне өз үлесін қосса, ауданымыз бұрынғыдан да көрікті әрі жайлы бола түседі.
Г.СӘДУАҚАС


