"Таза Қазақстан" акциясы аясында сенбілік пен ағаш отырғызу жұмыстары ұйымдастырылды

"Таза Қазақстан" акциясы аясында "Махамбет аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ, "Махамбет аудандық отбасын қолдау орталығы" КММ тазалық жұмыстарын жүргізді.

Жалпыұлттық акция аясында ауқымды сенбілік өтті. Аталған іс-шараға мекеме қызметкерлері жұмылдырылып, белсене атсалысып, тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізілді. Сенбілік барысында желмен шашылған қоқыстар, қураған бұталар мен шөп қалдықтары жиналып, арнайы орындарға шығарылды.

 Мекемелерге қарасты аумақ толықтай тазартылып, 30 жеміс ағаштары отырғызылды. Оның ішінде алма, өрік, алмұрт, шабдалы, шие көшеттері бар.

Жалпы аудан көлемінде жыл бойы сенбіліктер тұрақты түрде өткізіледі.Себебі, тазалық сақтау – жарқын өмірдің негізі. Таза орта – денсаулықтың, әдеміліктің және жақсы көңіл-күйдің кепілі. Сондықтан әрқайсымыз тазалықты сақтауға үлес қосып, болашақ ұрпаққа таза әлем қалдыруымызға үлес қосуымыз парыз !

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT