Қоршаған ортаның тазалығы – қоғамның әл-ауқаты мен болашақтың берекелі болуының маңызды негіздерінің бірі. Табиғатқа қамқорлық жасау арқылы біз келер ұрпаққа таза әрі қауіпсіз орта қалдырамыз.
Бүгінде «Таза Қазақстан» акциясы аясында көптеген тазалық жұмыстары ұйымдастырылып, қоғамдық орындар мен табиғи аумақтар ретке келтірілуде. Мұндай бастамалар адамдардың экологиялық мәдениетін арттырып, табиғатқа деген жауапкершілігін күшейтеді.
Таза табиғат – баршамыздың ортақ байлығымыз. Оны сақтау және қорғау әр азаматтың міндеті. Табиғатты аялау арқылы біз жарқын болашақтың негізін қалаймыз.


