«Таза Қазақстан» – қоршаған ортаны қорғауға, тазалық мәдениетін қалыптастыруға және туған жердің көркеюіне бағытталған маңызды бастама. Таза әрі көрікті ел – мәдениетті қоғамның айқын белгісі. Сондықтан табиғатты қорғау мен тазалықты сақтау әрбір азаматтың күнделікті өмірінің бір бөлігі болуы тиіс.
«Таза Қазақстан» бастамасының маңызы өте зор. Ауданымыздың көшелері, саябақтары, өзен-көлдері мен қоғамдық орындары таза болса, бұл тұрғындардың денсаулығына, өмір сүру сапасына және туған жерге деген сүйіспеншілігіне оң әсер етеді. Сенбіліктерге қатысу, ағаш отырғызу, қоқысты арнайы орындарға тастау және табиғатқа жанашырлықпен қарау – әрқайсымыздың азаматтық жауапкершілігіміз. Осындай қарапайым істер арқылы ауданымыздың көркеюіне нақты үлес қоса аламыз.
«Таза Қазақстан» – бір күндік науқан емес, әр азаматтың өмірлік ұстанымы болуы керек. Туған жеріміздің тазалығы мен көркеюі өз қолымызда. Сондықтан бәріміз табиғатты аялауға, қоршаған ортаны таза ұстауға және келер ұрпаққа көрікті Қазақстанды аманат етуге атсалысайық.


