«Таза Қазақстан» – еліміздің экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама. Бұл жоба қоршаған ортаны таза ұстауға ғана емес, әр азаматтың туған жеріне деген жауапкершілігін арттыруға үлкен мүмкіндік береді. Тазалық – денсаулықтың, тәртіптің және өркениетті қоғамның белгісі.
Біздің ауданда да «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбіліктер ұйымдастырылып, көшелер мен саябақтар тазартылып, ағаш көшеттері отырғызылып келеді. Осындай игі істерге жастар, еріктілер, мемлекеттік мекемелер мен аудан тұрғындары белсенді қатысуда. Бұл жұмыстар ауданымыздың көркеюіне, табиғаттың сақталуына және тұрғындардың өмір сүру сапасының артуына оң әсерін тигізіп отыр. Әсіресе, жастардың қоршаған ортаға жанашырлықпен қарап, тазалық мәдениетін қалыптастыруы – болашақ үшін маңызды қадам.
«Таза Қазақстан» – баршамызға ортақ іс. Туған жердің тазалығы әр адамның күнделікті әрекетінен басталады. Сондықтан табиғатты аялап, айналамызды таза ұстап, осындай игі бастамаларға белсенді қатысу – әрбір азаматтың міндеті. Бірлігіміз бен жауапкершілігіміздің арқасында ауданымыз да, еліміз де таза, көрікті әрі жайлы мекенге айналады.
Г.СӘДУАҚАС


